Ақпарат министрлігі БҒМ-ға медиялық сауаттылықты арттыру жобасын ұсынбақ

– Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Білім және ғылым министрлігіне мектеп қабырғасынан бастап медиялық сауаттылықты арттыру бойынша пилоттық жоба ұсынбақ.

Бұл туралы «Ашық диалог» бағдарламасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп тілшісі. «Әлбетте мұндай оқиға кезіндегі басты құрал – ресми түсіндірме беру. Ақпаратты барынша шұғыл беру керек. Бірақ мұндайда келесі проблемамен бетпе-бет келеміз: уатсаппен тарайтын арандататушы, дауыспен тарайтын хабарлама бүкіл чаттарға 20 минуттың ішінде тарап кетуі мүмкін. Ал бұл хабарламаны растау немесе жоққа шығару үшін одан ұзақ уақыт керек. Атап айтқанда ол үшін оқиға орнына шығып, ақпараттың шын-өтірігін тексеріп, себептерін анықтау керек. Әлбетте, бұл уақытта қажет етеді», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында. Министрдің айтуынша, бұл үрдіс Қазақстанның ғана емес, әлемнің проблемасына айналған. «Оның тың мысалын коронавирусқа қатысты жалған ақпараттан-ақ көруге болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жалған ақпараттарға қарсы тұру үшін «Google» компаниясына жүгінуіне тура келді. Сол себепті мұндай провакациялық жайлармен күресудің ең тиімді әрі ұзақ мерзімді механизмі – ақпаратты тұтыну мәдениеті. Біз сол үшін әрдайым ақпараттық гигиена мәселесін жиі көтереміз. Туысы немесе көршісі бір жіберген ақпаратқа сеніп қалмай, оқиғаның ресми түсіндірмесін күткен адам ғана ақпараттық гигиенаны сақтай алады», - дейді ол. Дәурен Абаев сол себепті сенімді ақпарат көздерінен жаңалықты бақылап отыру керектігін жеткізді. «Біздің министрлік мектеп қабырғасынан бастап медиялық сауаттылықты арттыру бойынша өз ұсынысын береді. Біз пилот ретінде бұл жобаны Білім және ғылым министрлігіне ұсынғымыз келеді», - деді Дәурен Абаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе