Елордада балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау басталды

АСТАНА. 28 Астанада 25 тамыздан бастап қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бастапқы дайындық топтарына балаларды қабылдау басталды. Бұл туралы astana.kz  сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. «Жалпы спорттың 55 түрі бойынша 10 балалар-жасөспірімдер мектебінде және мамандандырылған олимпиадалық резерв балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қабылдау жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство.

«Балалар спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібінің ережесін және олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің бұйрығына сәйкес, бастапқы дайындық тобына қабылдау үшін бала кем дегенде 6 жаста болуы тиіс. Жеке спорт түрінің ерекшеліктері мен қыр-сырына байланысты жас мөлшері өзгереді. 

Спорт секцияларына қабылдау 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе