Есқайрат Хайдаровтың жаңа кітабы жарыққа шықты

ОРАЛ. 24 «Ағартушы» баспасынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаровтың «ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.Автордың ғылыми-ізденіс жұмысы ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы тарихына жаңа тұрғыдан баға беріп, қазақ жастарының қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасу кезеңдеріне талдау жасау, алғашқы қазақ жастар ұйымдарының құрылу тарихын айқындау, 1917-1920 жылдардағы қазақ жастар ұйымдарының қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық қызметтерін, ұстанған бағыт-бағдарларын, бағдарламаларын саралау, сонымен бірге олардың Кеңес өкіметі жылдарындағы жасырын жастар ұйымдарымен өзара тарихи сабақтастықтары мен үндестіктерін кешенді түрде зерделеуге арналған.

Cондай-ақ ғылыми еңбекте XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы демократиялық жаңғырулар барысындағы ұлт зиялыларының және жастарының қазақ халқының азаттығы үшін саяси күресі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің рухани бастаулары, тарихи бастамалары ретінде қарастырылған.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының азаттық қозғалысына қатысты іргелі еңбектердегі тұжырымдамалар басшылыққа алынып, мұрағат қорларындағы құжат деректері мен ХХ ғасырдың басындағы мерзімдік баспасөз материалдары сыни көзқарас тұрғысынан бір жүйеге келтіріліп, ғылыми айналымға енгізілген.

Бұл оқу құралы студент жастарға, магистранттарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне, жастар ұйымдары өкілдеріне және көпшілік оқырман қауымға бағышталып жазылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе