Наурыз мейрамын Оралдағы ЖОО-лар да атап өтті

ОРАЛ. 21 Наурыз мейрамын Орал қаласындағы жоғары оқу орындары да атап өтті.М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде тарих және құқық, экономика факультеттері студенттері «Наурыз-думан» мерекелік кешін ұйымдастырды. Онда Наурыз мейрамының тарихы туралы айтылып, студенттер ән шырқап, өлең оқыды, би биледі. Жастардың ұлттық мейрам туралы білімдері сараланып, түрлі сұрақтар берілді. Ұлттық салт-дәстүрлер де көрсетілді.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Наурыз мейрамына әр факультет тыңғылықты дайындалып, әрқайсысы бір-бір ауыл ретінде қарсылады. Факультеттерде орналасқан ауылдарды университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Қазыбай Бозымов аралап, мейрам қуанышымен бөлісті. Ауылдарда ән айтылып, күй тартылып, мың бұрала би биленді. Алтыбақан құрылып, думан қыза түсті.

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде салтанатты жиынға қатысушыларды аталмыш ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімов құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Жиын ән мен биге, жәрмеңкеге, одан кейін спорттық шараларға ұласты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе