ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Назарбаев университетiнiң құрметтi профессоры атағын тапсырды

АСТАНА. 7 ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Назарбаев университетiнiң құрметтi профессоры атағын тапсырды, деп тiлшiсi.Си Цзиньпиннiң Назарбаев университетiнде өткiзген дәрiсiнен кейiн, Қытай Мемлекеттiк кеңесiнiң төрағасын Қазақстанға алғашқы мемлекеттiк сапарымен келгенiне алғыс бiлдiрген Елбасы мәртебелi мейманға аталмыш университеттiң құрметтi профессоры атағын тапсырды.

"Маған Сiзге Назарбаев университетiнiң құрметтi профессоры атағына тиесiлi тиiстi құжаттар мен атрибуттарды тапсыру мәртебесi берiлiптi. Ендi бұдан былай Сiзге Назарбаев университетiнде дәрiс өткiзiп тұруға тура келедi", - деп қалжыңдады ҚР Президентi.

Еске сала кетейiк, бүгiнгi дәрiске 300-ге тарта студент пен орталық мемлекеттiк органдардың басшылары, сонымен қатар Қазақстанда тiркелген дипломатиялық корпус өкiлдерi қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе