Ұлттық банк студенттер арасында байқау жариялады

АЛМАТЫ. 21 Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық банкі  атаулы шәкіртақысын беру үшін ізденушілер тобын іріктеу бойынша байқау  жариялағанын хабарлады.Мақсат - жоғары оқу орындарының талантты студенттерін мадақтау.  17 маусымға дейін олар комиссияға өз жұмыстарын ұсынуы керек. Олардың тақырыбы: «Капиталдың трансшекаралық  әкелінуі мен әкетілуі: Қазақстан  үшін басымдықтар мен тәуекелдер», «Қазақстан Республикасының алтын нарығы. Проблемаларды (заңнамалық, әкімшілік, салық және стратегиялық сипаттағы) талдау, перспективаларды бағалау және одан әрі даму жолдары»; « Қазақстандағы интернет-төлемдер нарығының даму келешегі»; «Қазақстандағы ХҚЕС қолдану тәжірибесін ТМД-ның басқа елдерімен салыстырмалы талдау»; « ДСҰ және БЭК ықпалдасу жағдайларында Қазақстан қаржы нарығының бәсекеге қабілеттілігі»; «Апатты тәуекелдерді сақтандыру, Қазақстандағы  даму перспективалары»; «Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамыту кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқару: банкинг, капитал нарығы, сақтандыру, инвестициялық қорлар, банктік емес және микроқаржы мекемелері».

Үміткерлерге қойылатын талаптар:  Қазақстан азаматтары болып табылатын және республиканың жоғары оқу орындарында экономика мамандықтары бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын бір жоба арқылы жұмыспен біріктірілген, саны кемінде үш адамнан тұратын, бірақ бес адамнан аспайтын студенттер тобы жіберіледі. Олардың оқуда үздік және жақсы көрсеткіштерінің болуы;  ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы;  оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысуы ескеріледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе