Елорда мектептері арасындағы көшбасшы-оқушы байқауының жеңімпаздары ертең анықталады

АСТАНА. 19   - Ертең  қала мектептері арасындағы көшбасшы-оқушы  байқауының финалдық кезеңі өтеді. Жарыстың шешуші кезеңіне 20 оқушы шықты, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.Финалға: 1 бөлім «Бәйге» (жалпы ой-өріс сұрақтары) - 20 минут, 2 бөлім «Тарихтағы ұлы тұлғалар» - 30 минут, 3 бөлім «Блиц-турнир» Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны бойынша  - 20 минут, 4 бөлім «Шешен» берілген тақырыпқа қошемет сөз - 40 минут (әр қатысушыға 2 минут беріледі) бөлімдері  енгізілген.

Байқау Тұңғыш Президент күні мерекесіне орайластырылған және алғаш рет өткізіліп отыр. Мақсаты: жастардың білімге құштарлығын арттырып, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру, олардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе