Алматыда мектептердің күрделі жөндеуіне 570 млн. теңге жұмсалды

Алматыда мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге 570 млн. теңге жұмсалды. Биыл қаладағы 202 мектеп жөндеуден өтті. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында қалалық Білім беру басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты.«Биыл қаладағы барлық мектептер жаңа оқу жылына 100 пайызға дайын. Осы бағытта жергілікті бюджеттен 570 млн. теңге жұмсалды. «Нұрлы  жол» бағдарламасы аясында Алматының Алатау ауданындағы №26 мектеп жанынан салынып жатқан 900  орындық қосалқы нысан және Әуезов ауданының Қалқаман ықшам ауданындағы №157 мектеп жанындағы қосалқы  нысан  2016 жылы пайдалануға беріледі», - деді Р.Шимашева.

Оның айтуынша, селден зардап шеккен Наурызбай ауданындағы №187, №188, №192 мектептерде құрылыс жұмыстары аяқталды. Мектептерді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 99 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қазір мектеп аймағын көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе