Қазақстанда білім реформалары мен жаңартуға шынайы және тұрақты түрде назар аударылуда

Энергия шикізаттары бағасының төмендегеніне қарамастан, Қазақстанда білім реформалары мен жаңартуға шынайы және тұрақты түрде назар аударылатыны байқалады, деп хабарлады Түркі академиясының баспасөз қызметі.Бұл туралы 28 наурызда БҰҰ-да өткен «2030 Жоспары үшін Жібек Жолы бойындағы синергия» атты халықаралық симпозиумда Мичиган университетінің Еуропа, Ресей және Еуразия зерттеу орталығының директоры Норман Грэм мәлімдеді.

Ол сондай-ақ өз баяндамасында «Әзербайжан мен Қазақстанда энергетикалық сектордан басқа салалардағы экономикалық даму мен өркендеудің мүмкіндігі зор. Әзербайжан мен Қазақстан табиғи байлық экспортынан түскен кірістерді осы мақсатқа сай жұмсап отыр. Алдын-ала зерттеулерімізге сәйкес, бұл инвестициялар инфрақұрылымды, жоғары білім институттарын және энергетика саласындағы бизнесті дамытуға бөлінген. Әзербайжан мен Қазақстан Үкіметтері экономикалық либерализм бағытында салиқалы саясат жүргізіп келеді. Табиғи байлықтан түскен пайданың әлеуметтік жобалар мен инфрақұрылымға игі әсерін көруге болады», -  деп атап өтті.

Айта кету керек, БҰҰ-ның жауапты тұлғалары мен халықаралық ұйым басшыларының және көрнекті ғалымдардың қатысуымен өткен симпозиумды Түркі академиясы халықаралық ұйымы ұйымдастырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе