Павлодар облысында мектептердегі компьютердің 50 пайызы ескірген

Павлодар облысының мектептеріндегі компьютерлердің 50%-ы ескірген. Бұл туралы ақпарат облыс əкімдігінде өткен кеңейтілген кеңесте мəлім болды, деп pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының мәлімдеуінше, мектептердегі техникалық қамсыздандыру - білім беру саласындағы өзекті мəселенің бірі. «Барлық мектептер кең жолақты интернетпен қамтылғанмен, 255 оқу орнында оның жылдамдығы 4-15 Мбит/сек, - дейді Дінислам Болатханұлы. - Интернет жылдамдығын кемінде 15-20 Мбит/секундқа дейін арттыруды көздеп отырмыз». Оған қоса 29 ауылда интернет желісі əлсіз немесе мүлдем жоқ. Облыс əкімі Əбілқайыр Сқақов еліміздегі білім беру саласы əлемнің ең дамыған елдердегі қаржыландыру деңгейіне жетпесе де жұмысты барынша тиімді өткізу қажеттілігін атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе