"Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжі алғашқы түлектерін шығарды

АЛМАТЫ. 15   - 16 маусым күні Балқашта «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің 16 түлегі  "автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша дипломдарын қорғайды.Аталмыш  білім беру мекемесінің директоры Айгүл Сыздықованың айтуынша, жақында  «машина құру технологиясы» мамандығы бойынша тәлім алып 19 түлектің 17-сі бірден өндіріс орындарына жұмысқа тұрып, өздерінің еңбек жолын бастап кетті.

Қазақмыс корпорациясының Балқаш қаласындағы политехникалық колледжі 2009 ашылған  болатын. Оқу орнын құруға 4,5 миллион доллар, ал оның қызметіне 505 мың доллар   көлемінде  қаржы жұмсалды. Онда қазіргі таңда орта кәсіптік мамандық бойынша: "Пайдалы қазбаларды байыту", "Түсті металдар металлургиясы", "Машина құру технологиясы", "Автоматтандыру және басқару", "Металлургиядағы машиналар мен жабдықтар", ал жұмыс мамандықтары бойынша - «Флотатор», «Металл және қоспаларды балқытушы», «Жабдықтарды күту және жөндеу слесары», «Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі» және тағы басқалар дайындалуда.

«Біз жыл сайын үміткерлерге қабылдау жасамастан бұрын жұмыс берушілерді дөңгелек үстел басына жинап, еңбек нарығына талдау жасаймыз. Сосын қанша және қандай маман керектігін анықтаймыз. Сондықтан түлектерімізді толық жұмыспен қамтамасыз етеміз. Оқу тегін және 4-пен 5-ке оқитындар 10 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Бәрі жатақханамен және бір уақыт тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Үміткерлерді тестілеу арқылы қатаң іріктейміз. Мәселен, былтыр металлург мамандығына бір орынға бес адам таласты",  - дейді А.Сыздықова.

Колледж директорының айтуынша, корпорацияға қарасты аталмыш оқу орнына студенттер 8 және 11 сыныптан кейін қабылданады. Олардың 85-90 пайызы шәкіртақы алады. Күндізгі, кешкі және қысқартылған үлгідегі оқу бағдарламасы арқылы оқитын студенттерден бөлек, Қазақмысқа қарасты өндіріс орындарының жұмысшылары біліктілігін арттырып қана қоймай, басқа мамандықтар бойынша екінші білім алып шығады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе