Қызылордада кәсіптік-техникалық лицейлердің оқушылары арасында конкурс ұйымдастырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 cә/Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледждің базасында кәсіптік-техникалық лицейлердің оқушылары арасында электротехникалық істер бойынша кәсіптік шеберлікті көрсетуге арналған облыстық байқау ұйымдастырылды.Конкурсқа Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы сегіз оқу орнының болашақ электр монтерлары қатысты. Сайыс оған қатысушылардың теориялық білімдері мен бірқатар тәжірибелік дағдыларын сынға салатын бірнеше кезеңнен тұрды. Сынақтың қорытындысы бойынша бас бәйгені қазалылық Виктор Романов жеңіп алды. Жүлдегерлер үштігінен қызылордалық Мейіржан Қуанбай, жаңақорғандық Жаппар Әбдірәшитов және жалағаштық Нұрлан Әбуов орын алды. Олардың барлығына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе