Б.Жұмағұлов: Таяу екі-үш жылдың ішінде ұлттық университеттердің шекті баллы өзгермейді

АСТАНА. 14 Таяу екі-үш жылдың ішінде ұлттық университеттердің шекті баллы өзгермейді.Бұл пікірді бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай жауап берген ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білдірді.

«Өткен жылғы емтиханның қорытындысына сәйкес біз ұлттық университеттердегі шекті баллды 70-ке дейін көтердік. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Неге десеңіздер, ұлттық университетке түсіп жатқан балалардың баллдары 80-нен жоғары болып отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, шекті 70 балл еліміздегі ұлттық университеттерге қатысты ғана қолданылады. Олардың саны Қазақстанда - 9. Ал қалған университеттердің шекті баллы 60-ты құрайтын болады.

Сондай-ақ журналистердің шекті балл келесі жылы да көтерілуі мүмкін бе деген сауалына жауап берген министр: «Үздіксіз көтеруге бола бермейді ғой. Біз оңтайлы балл 70 деп санадық және оның ұлғаюы таяу екі-үш жылдың ішінде болмайды», - деді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе