ХХІ ғасырда білімділер алға шығады - сенатор Н. Оразалин

АСТАНА. 4 Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нұрлан Оразалин Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болып, студенттермен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.Жүздесуде сенатор «Қазақстан - 2050» Стратегиясы аясында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелеріне тоқталды. ХХІ ғасырда білімділер алға шығатынын айтқан депутат сапалы білім алуға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге назар аударды.

Кездесуге қатысқан жастар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жастардың алдына қойған міндеттеріне қатысты өз ойларын ортаға салып, жас мамандарды еңбекке тартудағы көкейкесті мәселелердің шешімін табуды ұсынды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе