Елордада Республикалық аккредиттеу кеңесінің бірінші отырысы өтті

АСТАНА. 31 Бүгін  Астанада ҚР Білім және ғылым министрі жанында Республикалық аккредиттеу кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Алқалы жиынды ашып, сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов: «Бүгінде Қазақстанның жоғары білімі сапалы жаңа кезеңге өтуде. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты  халықаралық стандарттарды енгізуге, ашық білім аясын құруға, оның әлемдік деңгейде бәсекелестікке сай болуына бағытталған. Аталған тапсырмаларды шешу Қазақстан Республикасының 2011-2012 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен бекітілген», - деді.

Оның атап өтуінше, аталған бағдарламалық құжатты жүзеге асыру барысында 1 жылдың ішінде білім жүйесінің барлық деңгейлерінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Жоғары білім беруде жоғары оқу орындарын жіктеудің жаңа негізі енгізілді. Жоғары оқу орнының әр түріне нақты өлшемдік жүйесі құрылуда. Кезекпен жоғары оқу орындарына автономияны беру тетігі енгізілуде. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің 4 белгілі университеттерінде бақылау кеңестері қызметін атқаруда. Жоғары білім беруде бірлескен басқаруды дамыту нақты заңдық бекітулер мен ұйымдастырушылық қолдау табуда.

«Мемлекетіміздің жоғары оқу орындары көп деңгейде жаңашылдық - зерттеулік әрекетке көшуге бағыттаған. Білімнің мазмұнына, жоғары білім берудің оқу бағдарламасын құруға талаптар артуда. Бұл педагогикалық білім беруге маңыздырақ, себебі ұстаздық мамандарды дайындау мемлекеттік алғышарттардың бірі», - деді ол.

Шараға Жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық тізілімнің (EQAR) директоры Колин Тук, әлемдік алдыңғы қатарлы аккредитациялық агенттіктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері, сонымен қатар, жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе