Ақтөбелік полицейлер балаларды жаңа оқу жылына дайындады

Ақтөбелік полиция қызметкерлері балаларды мектепке дайындады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына 700 мың теңгеден астам қаржы бөлінді, деп тілшісі. 

Полиция қызметкерлері «Мектепке жол» республикалық акциясынан тыс қалмады. Олар аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындады. 

«Ақтөбе облысы ІІД жеке құрамы бұл қайырымдылық акциясына жыл сайын қатысып келеді. Өткен жылы департамент қызметкерлері 1 күндік еңбекақысын Алға облыстық балалар үйіне, Жайсаң арнайы білім беру ұйымына және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына аударған болатын. Биыл дәстүрлі шара жалғасып, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 5,5 миллион теңге қаржы жиналды. Сонымен қатар, ІІД аудандық бөлімдерінің жеке құрамы аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жандарға 735 мың теңге бөлді. Қаржыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе