Астаналық хореография академиясының оқушылары үлкен сахнада өнер көрсетеді

22-28 желтоқсанда «Астана Балет» театры Қазақ ұлттық хореография академиясымен бірлесе отырып көрерменіне алғаш рет Петр Ильич Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» (Щелкунчик) атты ғажайып ертегі балетін көрсетеді, деп .Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шығармашылық жобаға 150-ден астам академия тәрбиеленушілері мен 40-қа жуық театр әртістері қатыспақ.  

Театр директоры Валерий Кузембаевтың айтуынша, «Астана Балет» театрының сахнасына балет Василий Вайноненнің редакциясында  қойылмақ. Бұл спектакль талай жыл Мариин театры репертуарының көркі болатын. Гофманның «Жаңғақ шаққыш пен тышқан патшасы» атты ертегісінің желісімен либреттосы жазылған үш көріністі балет қойылымын жасаған Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова.

«Жаңғақ шаққыш» балетінің романтика мен сиқырға толы өзіндік қойылымын Василий Вайнонен 1934 жылы С.М.Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында (Мариин театры), кейін, 1938 жылы - Үлкен театрда қойды. Содан кейін, бұл қойылым КСРО және шет елдердің көптеген театрларының сахнасына шығарылған болатын. Балетте Чайковский мен Петипа заманында болмаған, классикалық бидің жаңа техникасы қолданылды. Хореографтың нағыз шедевріне айналған «Ақшақарлар биі» көрінісі болатын.

Спектакль премьерасында театр труппасымен қатар, Хореография академиясының оқушылары да өнер көрсетеді. Олар бірінші актінің балалар сахнасын, ақшақарлар биін, дивертисменттегі қуыршақтар биін орындап, ал, академия түлектері Маша мен Ханзаданың жетекші партияларын орындап шығады. Тәлімгер-репетиторлардың айтуынша, әртістердің жасы да ересегі де күн-түн демей дайындық жүргізуде.

«Олардың көңіл-күйі көтеріңкі, тіпті, жаңа жылға ата-анасына баруға да асық емес. Өйткені, ғажайып жаңа жылдық көңіл-күймен қатар, үлкен ахнада өнер көрсету, «театр өмірінің» дәмін сезіну - оларға шабыт сыйлап, өнерге деген қызығушылықтарын арттырып келеді», - дейді Қазақ ұлттық хореография академиясы кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жетекшісі Светлана Кокшинова. 

Биыл «Астана Балет» өз көрермендеріне Василий Вайноненнің әсерлі де ғажайыпқа толы ертегі «Жаңғақ шаққышты»  ұсынса, «Астана Опера» театры аталған спектакльді заманауи хореограф Юрий Григорович редакциясында ұсынбақ.

Барлық қойылымдарға билеттер алдын-ала сатылып кеткен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе