СҚО әкімі кәсіби кадрларды дайындау бойынша өңірлік кеңес отырысын өткізді

ПЕТРОПАВЛ. 13 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кәсіби кадрларды дайындау бойынша өңірлік кеңестің отырысын өткізді.Кеңесте өнеркәсіп және құрылыс салаларында жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету және дайындау бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Бұл - білім беру мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, білім беруде дуалды жүйенің  болмауы және студенттердің жұмыс істеуге деген құштарлықтарының жоқтығы.  

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, өңірде техникалық және кәсіби білім мекемелерінде 17 мыңнан астам адам оқуда. Ағымдағы жылы 4 мыңнан астам адам түлеп ұшып, олардың 77 пайызы жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту бағдармасын іске асыру аясында 2012 жылы 496 адамды кәсіби оқуға жіберу жоспарлануда, 703 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру көзделуде. Сондай-ақ 743 адамды жастар тәжірибесіне бағыттау шаралары қарастырылуда. Қазіргі уақытта әр жас маманды жұмыспен қамту міндеті тұр.

Осыған байланысты облыс әкімі алдағы уақытта барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды. Кеңестің соңында өңір басшысы тиісті ведомстволардың басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе