Қызылордада жаңа жатақхана пайдалануға берілді

Бүгін Қызылордада 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Бұл ғимарат Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледж құрылтайшысының қаржысы есебінен бой көтерді,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.Айта кетейік, жатақхана Мемлекет басшысының «Студенттік баспана» бағдарламасы негізінде салынды.

- Студент білімді де білікті маман болып шығуы үшін оған қолайлы жағдайдың барлығы жасалуы қажет. Өйткені, білімді адам - ел байлығы. Елбасы «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет» деп әрдайым айтып келеді. Бүгін колледж ұжымы үшін, әсіресе, студенттер үшін ерекше күн. Сіздердің игіліктеріңіз үшін заманауи білім, өнегелі тәрбие алуға барлық жағдайы жасалған «Студенттер үйі» пайдалануға беріліп отыр, - деді облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова.

Үстіміздегі жылы алғаш рет аймағымыздың тау-кен металлургия саласына қажетті кадрларды даярлау мақсатында мектеп бітіруші 82 оқушы Ресей Федерациясының Москва қаласындағы Ұлттық технологиялық зерттеу университетіне, 25 оқушы Санкт-Петербор мемлекеттік технологиялық өсімдікті полимерлер университетіне білім алуға аттанды.

Тағы бір айта кетерлігі, «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға», «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында Білім және ғылым министрлігі тарапынан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына бөлінген 1000 орын мемлекеттік гранттың 470-ін, жоғары оқу орындарына бөлінген 1050 орынның 320-сын Сыр елінің жастары жеңіп алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе