ШҚО-да соғыс батырының немересі туған ауылына балабақша сыйлады

КСРО батыры Қойгелді Аухадиевтің  немересі Ержан Қойгелдин туған ауылына балабақша сыйлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.Көкпекті ауданындағы жергілікті «Өрнек» шаруа қожалығының басшысы Ержан Қойгелдин «Туған жер» бағдарламасы мен мемлекеттік-жеке серіктестік аясында Преображенка ауылында балабақша салды. Балабақша қараусыз қалған ғимараттың орнына салынды. 20 адам жұмыспен қамтамасыз етілсе, 40 бала мектепке дейінгі заманауи мекемеде білім алуға мүмкіндік бар.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесіне ШҚО әкімі Даниал Ахметов Көкпекті ауданына жасаған жұмыс сапарында барды. Ол балабақшаны аралап, бүлдіршіндерге музыкалық орталық сыйға тартты.

Облыс әкімі ауыл балабақшасының қаладағы білім беру мекемелерінен кем түспейтінін атап өтті. «Ержан Қойгелдин секілді әр адам өз жерлестеріне көмек бере алады», - деп атап өтті Даниал Ахметов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе