Дархан Кәлетаев хиджаб киген оқушылар туралы: Мәселені шешуге болады

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Түркістан облысында хиджаб киіп, мектепке келген оқушылар туралы пікір білдірді, деп тілшісі.

«Жалпы, былтыр да осындай жағдайлар тіркелген болатын. Менің ойымша, мәселені шешуге болады. Тек ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Білім және ғылым министрінің оқушы кимі үлгісі туралы ережесі, бұйрығы бар. Бұл қалыпты процесс. Әлбетте, бұл мәселе бойынша сұрақтардың неліктен туындап жатқанын да түсінемін. Осы орайда діндар адамдардың тарапынан түсіністік болар деп үміттемін. Атап айтқанда, осы мәселе бойынша қазіргі таңда белсенді түрде түсіндіру жұмысын қолға алған Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қолдау білдірер деп сенемін. Біз де жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ, айтарым - бұл жерде алып бара жатқан проблема көріп тұрған жоқпын. Жекелеген сәттер бар, біз оларды еңсереміз деп ойлаймын», - деді Ұлттық кітапханадағы дөңгелек үстел басталмай тұрып Дархан Кәлетаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Мақтарал ауданында хиджаб киген оқушылардың мектепке келгені туралы видео әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе