Елордада 9-11 сынып оқушылары үшін кәсіби бейімдеу тренингі өтті

АСТАНА. 5 Бүгін елордада «Болашақ бүгіннен басталады» науқаны аясында №25 жалпы білім беру орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары үшін кәсіби бейімдеу тренингі өтті.«Өз бейімін табу оңай емес. «Білім+Мансап=Табыс» жалпы білім беру бағдарламасы ауқымында біз мамандық таңдауға және болашақ қызметіне деген өзінің талап-тілектері мен ұмтылыстарын түсінуге көмек көрсетеміз. Бүгінде кәсіпті дұрыс таңдау - қазірден басталатын табысты және игілікті ертеңгі!» - дейді    «Асыл жүрек» қайырымдылық қорының басшысы Данара Әбдірахымова.

Тренинг аясында қатысушылар кәсіптердің көп түрлі әлемімен танысып қана қоймайды, сонымен қатар кәсіби бейімделу үшін диагностикалық тестілерден де өтті. Өйткені болашақта жастар нені қалайтынын ғана түсініп қоймай, сонымен қатар кәсібінің маңызын да түсінуі, болашақ қызметін өмірінің басымдықтармен салыстыра білуі де маңызды.

Әдетте түлектер кәсіпті кеңінен алып таңдау керек екенін ойланбайды. «Кім болуым керек?» деген сұрақтарды ойламайды, танымал және талап етілетін мамандықтардың стандартты жиынтығымен шектеледі.

Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар Алматы қаласының «Отбасы академиясы» бос уақытты өткізу және даму орталығының тәжірибелі оқытушысынан болашақ қызмет бағыттарын таңдау бойынша ұсыныстар алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе