Тілдерді оқыту сапасын арттыру мәселелеріне арналған республикалық кеңес өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 8/Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру мәселелеріне арналған республикалық кеңес өтті,деп тілшісі.

Кеңестің негізгі мақсаты - жалпы орта білім беру саласындағы мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту процесіне ұлттық құндылықтармен ұштастыра әлемдік озық әдістемелерді, инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың жолдарын анықтау.

«Тіл - ұлттың жаны. Сондықтан, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің даму жайы барлығымызды толғандыратын маңызды мәселе. Осы орайда Елбасы, мемлекет пен бүкіл жұртшылық тарапынан білім беру саласына үлкен талаптар қойылып отыр. Ана тіліміздің болашағы, оның қолданыс аясының кеңеюі, оның мемлекеттік деңгейдегі  дәрежеге ие болуы - осының барлығы сіздер мен біздерге байланысты. Тәуелсіздігіміздің 18 жылдығын қарсы алғалы отырмыз. Бүкіл оқулықтарды жазу еркі өзімізге берілген қазіргі жағдайда, біздің өз тарабымыздан әлі де көптеген кемшіліктер бар», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Жиынға пән мұғалімдері, әдіскерлер мен ғалымдар, жоғары оқу орындарының, оқулықтар шығаратын отандық және шетелдік баспалардың, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Арнамедиа» АҚ-ның басшылары мен мамандары қатысты. Олар республикалық кеңес жұмысын қорытындылап, тілдерді оқыту сапасын арттыру бағытында тиісті ұсыныстар қабылдады.

Сонымен бірге, аталмыш іс-шара аясында қазақ және ағылшын тілдерінің отандық оқулықтары, электрондық құралдары мен шетелдік «Макмиллан», «Лонгман», «Кембридж Университи Пресс» Ұлыбритания Елшілігі жанындағы «British Council» компаниясы және тағы басқа баспалардың өнімдерінен оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе