Талантты жастарға «Дарын» үкіметтік сыйлығын тапсыру рәсімі Астанада өтеді

АСТАНА. 24 Талантты жастарға «Дарын» үкіметтік сыйлығын тапсыру рәсімі 27 желтоқсан күні Астанада өтеді.Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

1-27 қазан аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі лауреаттарды таңдауды жүргізген. Облыстық және қалалық жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық жастар мәслихатының депутаттары, ЖОО-ғы жастар ісі бойынша комитеттердің төрағалары ғылым, өнер немесе қоғамдық өмірде ерекшеленген кандидаттарын ұсынды.

Әр жылдары олардың иегерлері қатарында еліміздегі танымал тұлғалар: Бахтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Мейрам Бегентаев, Ринат Кертаев, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев, Қыдырәлі Болманов, Ерболат Құдайбергенов және тағы басқалары болды.

Сыйлық екі жылда бір рет 10 аталым: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық жұмыстар бойынша беріледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе