Алматы әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің  200-ге тарта тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады.22 мен 27 жастағы курсанттарды атқыш, гранатаатқыш, оқшашаршы мамандықтарын меңгеруге оқытып-үйретті. Жас жауынгер курсы әскердегі мерзімді қызметті алмастырады. Оны аяқтағаннан кейін бітірушілер әскери билетке қол жеткізеді. «Біз тактикалық, дене және атыс даярлығынан өттік. Автоматты жинап, шашып, оқ атуды үйрендік», - деді тәрбиеленуші Нұрбол Мұхтарұлы. Бүгін аталмыш іс-шараны өткізу бағдарламасында 200-ге жуық курсанттың дефилесі, АК-74 автоматын жинап-шашу, «Әскер» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуімен қоян-қолтық ұрыс өткізілді. Әскери-техникалық мектептегі  оқу 40 күнге созылады. Оның қорытындысы бойынша тәрбиеленушілер сертификат және әскери билет алады.

 Алматыда әскери-техникалық мектептерге үміткерлерді іріктеу жылына 7-8 рет өткізіледі. ӘТМ-ге оқуға түсу үшін кандидаттарды іріктеуді Алматы қ. жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Алматы қ. әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілердің ең көп санын түлетіп шығарады.  Қазақстанда мектептің 15 филиалы бар,деп хабарлайды ҚМ баспасөз қызметі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе