Мақтааралда мектеп жетіспейді

АСТАНА. 1     Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы мектеп жетіспеушілігі мәселесін көтерді.  Сенатордың айтуынша, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының «Қызылтаң» орта мектебінде «Сұлубұлақ», «Сырабад» және «Күрішті» елді  мекендерінің 833 оқушысы үш аусымда оқиды. Оның үстіне аталған мектеп бұрынғы жұмысшылар жатақханасы ғимаратына орналасқан.  Қазіргі кезде тозығы жетіп, өте апатты жағдайда болғандықтан, оқушыларды оқыту өте қауіпті болып отыр. Алайда осы мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткенімен, қаржы бөлу мәселесі белгісіз себептермен кейінге қалдырылып келеді.  «Осыған орай 2013 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ділдәбеков ауылдық округі «Сұлубұлақ» елді мекеніндегі, тиісті құжаттары әзірленген, 300 орындық «Қызылтаң» орта мектебінің  құрылысын жүргізуге 456 млн. теңге қаржы бөлдіруге ықпал етуіңізді сұранамын», - деді Қ. Айтаханов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе