«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттер жиі келетін орынға айналды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктері мен ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шарттары сәтті іске асырылуда, деп .Естеріңізге сала кетейік, құжат Қазақстан өңірлерінің оқушылары мен студенттері үшін Халықаралық мамандандырылған көрме мұрасы нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды қамтиды.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бастап «Нұр Әлем» сферасын 32 мыңнан астам оқушы мен шамамен 6 мың студент келіп көрген.

Бастапқыда жоба физика, биология және басқа да көптеген пәндер бойынша елордалық гимназияларға ашық сабақ өткізуді жоспарлаған. Алғашқы сабақтан бастап-ақ балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы арта түсті. Өйткені, теорияны қарапайым баяндағаннан гөрі, материалды интерактивті түрде жеткізген баланың есінде тез сақталады. Енді, «Нұр Әлем» сферасында ашық сабақтарды Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыс мектептері өткізе алады.

Жақында, жасалған меморандум аясында «Болашақ энергиясы» мұражайын Жамбыл облысының оқушылары тамашалады. Ұлттық компания және ұстаздар қауымы «Халқымның ұлттық дәстүрлері» тақырыбында сабақтар және әр қабатта шағын экскурсия түрінде ағылшын тілінен ашық сабақтар ұйымдастырды.

«Жоба аясында салт-дәстүрлерге арналған инсталляциялары бар зал үлкен әсер қалдырды. Оқушыларды қызықтырғаны интерактивті ашық сабақ. Балалар алған әсерлерін түрлі түсті қарандаш пен фломастерлердің көмегімен қағаз бетіне түсірді», - деді Жамбыл облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Сағындықова.

Жас суретшілер сфераның әр қабаты бойынша суреттер салып, соңында бірінші қабатта тосыннан ұйымдастырылған көрмеде балалардың қылқаламынан шыққан шығармалары барлық келушілер назарына ұсынылды.

«Нұр Әлем» сферасы 8 қабаттан тұрады. Әр деңгейінде энергия түрлерінің жарқын элементтері мен экспозициялары ұсынылған. Мысалы, екінші қабатта балалар су энергиясын өндіру тәсілдерімен, ал жетінші қабатында ғарыш энергиясымен таныса алады. Бірінші қабатта ұлттық павильон орналасқан, онда әр түрлі ландшафтар, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы ұсынылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе