Ақтөбеде орыс мектептеріне сабақ беретін мұғалім тапшы

– Ақтөбе облысындағы мектептерге 265 мұғалім жетпейді. Көбіне орыс мектептеріне сабақ беретін кадр тапшы, деп тілшісі.Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде

облыстық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева баспасөз мәслихатын өткізді.

Ақтөбе облысы бойынша биыл 19,5 мың бала 1 сыныпқа барады. Олардың 13 мыңнан

астамы құжаттарын тапсырып, мектеп жандарынан ашылған тегін дайындыққа баруға

мүмкіндік алды. «Қазір облыста 21 мектептің

құрылысы жүріп жатыр. Оның 10-ы облыстық, 11-і республикалық бюджеттен

қаржыландырылып жатыр. Осы оқу жылында 15 мектеп пайдалуға беріледі. Мектеп

құрылысы өңірдегі үш апатты және жеті үш ауысымды білім ордасының мәселесін шешуге

мүмкіндік береді. Негізі облыста 13 үш ауысымда мектеп бар», - деді облыстық

білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. Айта кетейік, Ақтөбе облысы

бойынша 4, 9 және 10 сынып оқулықтары үшін бюджеттен 1,9 миллиард теңгеден

астам қаржы бөлінді. Биыл өңірде оқулық тапшылысы мәселесі туындамауы тиіс.

Дегенмен қосымша дәптерлерді және мектеп алды даярлық тобының оқулығын

ата-аналар өздері сатып алады. Баспасөз мәслихатында кадр

тапшылығы мәселесі де айтылды. Қазір облыста 265 мұғалімнің орны бос тұр.

Көбіне орыс тілінде білім беретін мектептерде кадр тапшы.«Орыс тіліндегі мектептерде

бастауыш класс мұғалімі жетіспейді. Бізде педагогикалық колледж бен жоғары оқу

орындары осы мамандық бойынша кадр дайындайды, бірақ бұл саланы таңдайтындар

жоқ. Қазір орыс кластарына математика, физика, химия, география, орыс тілі мен

әдебиетіне облыс әкімінің де гранты тағайындалды. Бірақ талапкер жоқ, ниет

білдіргендер аз. Проблеманы шешу үшін балаларды мектептен дайындаймыз. Мәселен,

педагог боламын деген балаларды 7 кластан бастап тәрбиелейміз», - деді облыстық

білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. Әзірге орыс сыныптарына

сабақ беріп жүрген зейнеткерлер сол күйі жұмысын жалғастырады. Әрі Түркістан,

Нұр-Сұлтан, Алматы секілді бірнеше қаладан келген кадрлар қыркүйекте жұмысқа

кіріседі.
700
    Iздеу

    Күнтізбе