Ақтөбе облысы әкімінің өңір бойынша жұмыс сапары барысында үш мектеп ашылды (ФОТО)

Білім күнінде өңір басшысы Архимед Мұхамбетов шалғайдағы Байғанин ауданына жол тартты, ол 60 орындық интернаттың, 300 оқушыға арналып салынған Т. Жармағамбетов атындағы жаңа орта мектептің ашылуына қатысты.Сметалық құны 746 миллион теңге болатын ірі білім беру нысанын «Бабек Құрылыс» ЖШС салды. Мектепте заманауи жабдықтармен жарақталған 19 оқу бөлмесі, барлық негізгі пән бойынша мамандандырылған кабинеттер бар. Интернатта   бір бөлмеде 2 және 3 баладан тұрады, мұнда білім алу үшін, спортпен, шығармашылық қызметпен айналысу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Екі нысан да газбен жабдықталған.

Сосын Архимед Мұхамбетов Алға ауданында екі білім беру нысанының ашылу рәсіміне қатысты, атап айтқанда, Бесқоспа кентіндегі 60 орындық орта мектеп пен Алға ауданының орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бірінші нысан Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың апатты мектептерді жою тапсырмасы аясында салынды. 74 ауласы бар Бесқоспа ауылы аумақтық жағынан Ақтөбе агломерациясына кіреді, ол газбен, сумен жабдықталды. 324 үй салуға арналған бас даму жоспары бар. Жаңа мектеп ауылды дамыту перспективасымен салынды.

Екі мектептің ашылу рәсімінде де облыс әкімі ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеп, Білім күнімен, жаңа оқу орындарының енгізілуімен  құттықтады, сондай-ақ ол бірінші сынып оқушыларына  ел перезиденті Н. Назарбаевтың атынан  Мемлекет басшысының «Менің отаным - Қазақстан» атты кітабын сыйға тартты.

Алға аудан орталығында Есет батыр атындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешені жергілікті БЖСМ  жанынан ашылды. Ол 400 адамға арналып салынған. Бұл жерде спорт-ойын түрлері, жекпе-жекке арналған залдар бар. Жалпы алаңы 1260 метрді құрайды. Жаңа нысанның енгізілуі халықтың  спортпен, дене тәрбиесімен айналысуына септігі тиеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе