Ақтөбеде магистратура талапкерлерінің тестілеуіне қатысушылар мұқият тексерілді. Үш күнде 616 телефон тәркіленді, деп тілшісі.«Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық кеңсесі магистратура
тестілеуіне қатысты. Тамыздың 10-14 аралығындағы тестілеудің алғашқы үш күні
бақылаушыларды таңқалдырды.«Тестілеу Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
базасында өтіп жатыр. Ашықтық пен әділдікті бақылаған «Ақтөбе - адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің мүшелері тестілеуді көріп, жағаларын ұстады. Үш күнде 616
телефон тәркіленді. Барлығы 29 талапкердің нәтижесі жойылды. Ал 572 адамның тек
32-і шекті балды жинады», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық
кеңсесінің баспасөз қызметі.