СҚО-да биыл жазғы лагерьлерде 9 мыңнан астам бала тегін демалады

– Солтүстік Қазақстан облысында биыл алғаш рет 300 дарынды балаға арналған жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастамақ, деп тілшісі.Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл барлық демалыс лагерлері «Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық» атты тақырыпта жұмыс істейді. Қазір өңірде 13 сауықтыру демалыс лагері бар. Олардың барлығында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. «13 демалыс лагерінің бесеуі сенімгерлік басқаруға берілген. Солардың біреуі – «Достық» лагері. Демалыс маусымына дайындау үшін кәсіпкер су құбырын, терезелерін ауыстырып жатыр. Барлық лагерь жөнделіп жатыр. Балаларды қай күннен бастап қабылдайтынымыз әзірге белгісіз», - дейді СҚО Білім басқармасының бөлім басшысы Мафруза Науанова. Өңірде 1-10 сынып аралығында оқитын 66 мыңнан астам оқушы бар. Биыл олардың 98 пайзы жазғы сауықтыру лагерінде демалуы тиіс. Тоғыз мыңнан астам бала бюджет есебінен тегін демалмақ. «Бізде аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан, жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар 100 % жазғы демалыспен қамтылады. Бұдан басқа 59 жасөспірімге республикалық «Бурабай» демалыс орталығына, 78 оқушыға республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына жолдама береміз», - дейді Мафруза Науанова. Қала сыртындағы демалыс орындарынан басқа мектеп жанында да лагерьлер жұмыс істейді. Ол жерде 40 мыңнан астам бала және 176 шатырлы лагерь құрылып, мұнда 5 мыңнан астам оқушы демалмақшы. Мафруза Науанованың айтуынша, облыста биыл алғаш рет дарынды балаларға арналған жазғы лагерь ашылмақ. Онда республикалық спорттық, білім сайыстарының жеңімпаздары дем алады. Жоспар бойынша 300 бала қабылданбақшы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе