ШҚО-ның 5 өңірінде қосымша білім беру желісін дамытудың оң үрдісі байқалуда

ӨСКЕМЕН. 27 Облыстық білім беру басқармасының бастығы Мәдениет Медеуханованың берген мәліметіне қарағанда, Шығыс Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдарының желілерін дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін Қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы құрылды.Облыста оқушылардың 28 пайызын немесе 47 мыңнан астамын қамтып отырған мектептен тыс  103 мекеме жұмыс істейді.

Қосымша білім беру желісін дамытудың оң үрдісі Өскемен, Риддер, Семей қалалары мен Шемонаиха және Глубокий аудандарында байқалып отыр.

Бұл бағыттағы ең төменгі көрсеткіш Ұлан, Аягөз, Жарма, Үржар, Қатон-Қарағай және Тарбағатай аудандарында байқалуда. 

Биыл облыстың алты өңірінде мектептен тыс 8 ұйымды ашу жоспарланып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе