Қазақстанда ауыл шаруашылығына жарымды жердің 90 пайызы ешқандай химикатпен залалданбаған - Елбасы

АСТАНА. 5 Қазақстанда ауыл шаруашылығына жарамды жердің 90 пайызы ешқандай химикатпен залалданбаған.Бұл туралы бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде интерактивтік дәріс оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біздің елімізде ауыл шаруашылығына жарымды жердің 90 пайызы ешқандай химикатпен залалданбаған. Бізде гендік модификациялық өнім жоқ. Сондықтан да бізге таза органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп, оны елдің ірі экспорттық әлеуетіне айналдыруға зор мүмкіндік бар», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының пайымынша, мұндай өнімдер бүкіл әлемде зор сұранысқа ие болар еді.

«Алдын ала есеп бойынша 50-ші жылдарға қарай азық-түлікке деген сұраныс бүкіл әлемде 40 пайызға артады. Міне біз осыған назар аударуға тиістіміз», - деді ҚР Президенті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе