Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің тыңдаушылары Павлодар облысымен танысып жүр

ПАВЛОДАР. 3 Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің тыңдаушыларымен кездесті, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.Ол қонақтарды аймақтың географиялық ерекшеліктерімен, көрікті жерлерімен және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды.

«Мемлекеттік саясат ұлттық мектебі үш жыл бұрын ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Павлодарға келген 14 тыңдаушы - оның үшінші қабылдауы. Олар жақында АҚШ-та тәжірибеден өтіп келді, енді аймақтармен танысып жүр», - деп атап өтті оның директоры Вильмур Аукен.

2-8 мамыр аралығында қонақтар Ақсу, Екібастұз қалаларында, ондағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында болып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, облыстық мәслихаттың депутаттарымен кездесті, салалық басқармалардың жұмысымен танысады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе