Kcell компаниясы болашақта өздеріне жұмысқа келетін студенттер үшін арнайы дәрістер оқу ұсынысымен шықты

АСТАНА. 13 Фин-шведтік Kcell компаниясы болашақта өздеріне жұмысқа орналасатын студенттер үшін арнайы дәрістер оқу ұсынысымен шықты.Өткен аптада Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Микко Киннунен мен Kcell компаниясының Астанадағы филиалының директоры Асқар Наурызбаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды. Меймандармен кездескен ЖОО ректоры Ақылбек Күрішбаев, оларды университеттің қызметімен таныстырып, елорданың алғашқы оқу орнымен ғылым және білім саласында ынтымақтасуға танытқан қызығушылықтары үшін алғысын білдірді.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынастар 2009 жылы Астанада Финляндия Елшілігі ашылған сәттен бастап қарқынды дами бастады. Бұл Финляндияның Қазақстанмен және өзге де Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарды бекітуге деген ниетін білдіреді. Финдік көптеген компания Қазақстанда өз бизнесін ашуға қызығушылық білдіруде. Қазіргі таңда елімізде 30-ға жуық финдік компания жұмыс істейді. Олардың қатарында фин-шведтік TeliaSonera Eurasia компаниясы құрған - Kcell компаниясы бар. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін Kcell компаниясына «Ең үздік шетелдік инвестор» марапатын тапсырды.

Компанияың Астанадағы филиалының директоры А.Наурызбаев оқуларын аяқтағаннан кейін өздеріне жұмысқа орналасатын студенттерді алдын ала бейімдеу үшін, оларға арнайы дәрістер оқып тұруды ұсынды.

Өз кезегінде А.Күрішбаев «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығында оқитын студенттерді одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен Kcell компаниясында тәжірибеден өткізу, аталмыш мамандық оқытушыларын тағылымдамадан өткізу, сонымен қатар студенттердің Финляндияда білім алуы және академиялық ұтқырлық шеңберінде ЖОО-ның энергетика факультетінде Финляндия профессорларының дәрістер оқуы ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында А.Күрішбаев университет ынтымақтастыққа, әсіресе, жоғары технологиялар мен жоғары білім беру саласына үлкен қызығушылық танытатынын атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе