Биыл Ақмола облысында 11 мыңға жуық оқушы қаржылай көмекке мұқтаж

Көкшетауда «Мектепке жол» акциясы басталды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына мектепке керек-жарағын алып беріп, материалдық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған акция биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Бақытты балалық мекені» деп аталды.Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, былтырғы оқу жылында осы акция бойынша 12 399 оқушыға 92,1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Соның ішінде бюджет қаржысына 6 245 оқушыға 36,3 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілсе, бюджеттік емес көздерден 6 154 оқушы 55,6 миллион теңгенің материалдық жәрдемін алған. Өткен жылы «Нұр Отан» партиясының белсенділері 311 оқушыға 3,8 миллион теңгенің көмегін көрсетіпті. Биыл 10 730 оқушы қаржылай көмекке мұқтаж болып отыр. Солардың 1 053-і алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Акцияның ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясының мүшелері, облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттары бірінші сыныпқа баратын 31 оқушыға мектепке қажетті керек-жарағын алу үшін арнайы сертификаттар тапсырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе