Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 101 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.Құрылысы жүріп жатқан нысандардың 82-сі мектеп болса, 14 жаңа балабақша, ал қалған 5-і мектеп жанындағы қосымша құрылыстар. Осы білім нысандарының 67-і биыл пайдалануға беріледі. Оның ішінде 49 білім нысандарының 27-і апатты, 3-і - үш ауысымды мектептер болса, 13-і балабақша. Сондай-ақ, балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ.
Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саяаты және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, өңірде 1-6 жас аралығындағы 151948 баланы қамтитын 1412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Естеріңізге салсақ, былтыр өңірде 115 білім нысанның құрылысы жүрген болса, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым іске қосылған.