Британияның бұрынғы премьері Тони Блэр Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

АСТАНА. 25 Британияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Назарбаев Университетінде дәріс оқыды.Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаментінен мәлім еткендей, Ұлыбританияның экс-премьері оқу орнының студенттерімен және қызметкерлерімен кездесу барысында жас кезінде саясаттан гөрі рок-н-роллмен айналысуды жанына жақын көргенін айтып өтті. Сондай-ақ жастарға үлкен сенім артатындығын айтқан Тони Блэр, ең бастысы - әлем ұсынып отырған мүмкіндіктерді қабыл алуға дайын болу және дұрыс шешім қабылдай алу қажет деп санайды.

Т.Блэрдің университеттің студенттері мен қызметкерлеріне оқыған дәрісі "Ғаламдық әлемнің талабы мен мүмкіндіктері" тақырыбында болды. Блэр: «Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын Президент Назарбаевтың басшылығымен мерекелеп отырғанын мақтан етуі керек», - дей келе, Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси дамудың жаңа сатысына көтерілгендігін атап өтті.

"Кво мәртебесі - таңдап алатын жол емес. Бәсекелес партиялары; жауапты, бірақ еркін баспасөзі; оңай бола бермейтін діни толернаттылық ұстанымы; жоғары құқыққа жету үшін заңнамалық және өзге де реформалары бар; сондай-ақ жемқорлыққа ғана емес, оған қолдау көрсетіп отырған жүйелерге қарсы күресетін дұрыс демократиялық жүйені дамыту қажет", - деді Тони  Блэр.

Университеттің студенттері мен қызметкерлері жарты сағат бойы қонаққа өздерінің сұрақтарын  қойды. Тони Блэр студенттерді елдің болашақ көшбасшылары мен элитасы деп атады және оларға оқуда табыс тіледі. Ол үздіксіз білім алу мен жаңа білім алуға құштарлықтың маңыздылығын атап өтті.

Құрметті қонақтарға арналған кітапқа британдық саясаткер: "Мен осында келгеніме өте қуаныштымын. Бұл жаңа және керемет білім ордасы. Болашақ - өмірге деген көзқарасы жарқын, білімді жас адамдарда. Назарбаев Университеті Қазақстанда осыны көрсетіп отыр."
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе