Теміртаулық оқушылар болашақ мамандықтарымен танысуда

ҚАРАҒАНДЫ. 6 сәҚарағанды облысының Теміртау қаласында «Болашақ бүгіннен басталады!» шарасының аясында мектеп оқушылары түрлі кәсіп өкілдерімен кездесті.Балалар өрт сөндірушілердің, тәрбиешілердің, әскерилер мен спорт жаттықтырушыларының қалай жұмыс істейтіндерін өз көздерімен көрді. «Жолсеріктер» ретінде Теміртау жастар клубының (ТЖК) белсенділері шықты.

«Бұған дейін балалармен металлургиялық комбинатқа экскурсия жасаған едік. Біз өте маңызды, батыл кәсіптерді таңдауға тырыстық. Өкінішке қарай, бүгінде игерілуі оңай емес, кейбір кезде ерлікті талап ететін мамандықтармен өз өмірін байланыстырғысы келетін жас адамдар көп емес», - дейді «ТЖК» ҚҰ-ның белсендісі Мұхит Айдаров.

Балабақшаларға жасаған экскурсия, мүмкін біреуге мектепалды білім берудің тәрбиешісі сияқты қажетті мамандыққа жол ашады, деп есептейді шараның ұйымдастырушылары. «Алтынай» балабақшасында жоғары сынып қыздары 5-6 жастағы балаларға арналған дамытушылық оқыту сабағына қатысты. Әдістемешілер оларға болашақ педагогтың қандай ерекшеліктері болуы тиіс екенін айтып берді. «Тәрбиеші мамандығы өте қызықты, сонымен бірге үлкен шыдамдылық талап етіледі. Балаларға жол таба білу керек. Менің ойымша, мектептен кейін педагогикалық оқу орнына барамын», - деп өз ойымен бөлісті экскурсиядан кейін сегізінші сынып оқушысы.

«Болашақ мамандықты таңдау - өмір таңдауы деп айтсақ, артық болмас. Бұл таңдауға көп жағдай байланысты. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біздің Президентіміздің басшылығындағы Қазақстан әрбір адам үшін үлкен мүмкіндіктері бар тұрақты мемлекетке айналды, осы уақытқа дейін бүгініміз үшін база құрылып, енді болашағымызға одан да сенімді қараймыз!», - деп атап өтті шараның үйлестірушісі Аян Ахметов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе