Оңтүстіктегі екі ауданда 8 білім беру нысаны ашылады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов Қазығұрт пен Төле би аудандарында болып, салынып жатқан әлеуметтік нысан құрылыстарымен танысты, деп хабарлайды  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.Сапарын Қазығұрт ауданынан бастаған Б.Оспанов Алтынтөбе, Қарабау, Тұрбат елді мекендеріндегі 300 орындық мектеп құрылыстары мен Қызылқия ауылындағы апатты мектеппен, сондай-ақ аудандағы газ, ауыз су жүйелерін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінгі таңда Қазығұрт ауданындағы 64 елді мекеннің 70 пайызы ауызсумен қамтылған. Аудандағы 11 ауылда қазір ауызсу кестемен берілсе, қалған 30-ға жуық елді мекен тұрғындары 24 сағат таза ауызсуды пайдаланып отыр. Төле би ауданындағы Бейнеткеш, Әңгір ата, Қазығұрт елді мекендеріндегі мектептер мен аудан орталығындағы 280 орындық балабақша құрылысымен танысқан Б.Оспанов мердігер ұйымдарға жоспарланған жұмыстарды бекітілген кесте аясында уақытылы әрі сапалы аяқтауды міндеттеді.

Елді мекендерді ауыз сумен, көгілдір отынмен қамту бағытында қолға алынған шаралар жайлы жауаптылардың есебін тыңдаған Б.Оспанов жыл соңына дейін межеленген жоспарды өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. Леңгір қаласында құрылысы жүріп жатқан 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй мен инфрақұрылымдарды тарту жұмыстарын өз көзімен көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары олқылықтарға жол берген басшыларға бірқатар сын-ескертпелер айтып, кемшіліктерді тез арада жоюды жүктеді.

Екі аудандағы әлеуметтік нысандарды аралап көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе