Зияткерлік мектептер 2011 жылы 160 онлайн-сабақ өткізді

АСТАНА. 13 Зияткерлік мектептердің тәжірибелерін тарату мақсатында 2011 жылы  оқушылар үшін 160 онлайн-сабақ және педагогтар үшін 17 онлайн-семинар өткізілді,деп хабарлады «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған онлайн-семинарлар және оқушыларға арналған онлайн-сабақтар өткізіле бастады. Бұл жобалар мектептердегі сабақ берудің сапасын арттыруға бағытталып отыр. Оқушылар үшін математика, физика, химия, биология пәндері бойынша сабақтар өткізілсе, мұғалімдер үшін «Сыни бағалау» тақырыбына арналған семинарлар өткізілуде.

Онлайн-сабақтар мен семинарлар ҚР Білім және ғылым министрлігінің ELP порталы (elp.kz) арқылы және Eluminate Live бағдарламалық қамтудың негізінде өткізілуде. Айта кету керек, бұл бағдарлама әлемнің 150-ден астам елінде кеңінен пайдаланылады және Иллинойс, Айова, Питсбург және т.б. көптеген университеттерде қашықтықтан оқытуда қолданылады.

«2011 жылы 160 онлайн-сабақ және 17 онлайн-семинар өткізілді. 2012-2013 оқу жылында сыни ойлау, элективті курстар бағдарламаларын жасау, онлайн-сабақтар мен семинарларды бағалау өлшемдерін дайындау тақырыптары бойынша онлайн-семинарлар өткізу жоспарлануда»,- делінген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарламасында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе