6-сынып оқушысының есімі «Қазақстанның таңдаулы адамдары» энциклопедиясына енді

АСТАНА. 6 Атыраудағы №30-мектептің 6-сынып оқушысы Мағжан Капесовтің есімі «Қазақстанның таңдаулы адамдары» атты энциклопедияға енді.

Талабы таудай жас өрен мектеп­аралық түрлі пәндерден өтетін олим­пиадалар мен әлемдік көркем мәдениет тарихы бойынша өткізіліп тұратын «Золотое Руно» халықаралық ойынына, «Ақ бота» республикалық интеллек­туалдық марафондары мен сүйікті пәні математика мен тіл меңгерудегі ха­лық­аралық ойын байқауларына қаты­сып тұрады. Дарынымен есімі ерекше кітапқа енген Мағжанның анасы Айнұр: - Біздің отбасы қызмет барысымен жиі қоңыс аударады. Мағжан Атырауға келгенше Алматы облысының елді мекенінде қазақ мектебінде дәріс алып, Кипрде орыс мектебінде білім алды. Біз Атырауға 2008 жылы күзде көшіп келдік. Мағжан қаладағы №30 қазақ мек­тебінде оқып жатыр. Ұстаздары Мағ­жанның қабілетін жақсы біледі сон­дық­тан оның алға қойған мақсатына же­тудегі барлық мүмкіндікті еңсеруіне өз тәжірибелерімен көмектеседі. Ата-анасы біздер де баламыздың талабын қолдап, оның қарым қабілетін жетілдіру үшін математикадан өзге логикалық ойлауға жетелейтін кітаптар мен эн­цик­лопедиялық жинақтарды алып бе­ріп, ұлымыздың ойлаған мақсатына жетуіне қолдап білдіріп отырмыз - дейді анасы. Айтпақшы, Айнұр бүгінде екінші - «Психология» мамандығы бойынша диплом қорғауға дайындық үстінде. Мағжанның айтуынша, ол түпнұс­қадағы әдебиетті үш тілде оқи алады, грек тілінен де хабары бар, классикалық музыканы тыңдайды, домбырада ой­найды, шахмат ойнағанды, жүзуді және теннисті ұнатады. «Ержеткенде қандай мамандық иесі боласың?» деген « Айқын» газетінің тілшісіне ол: - Математика - сүйікті пәнім. Бо­ла­шақта қаржыгер мамандығын игеру арқылы еліміздің дамуына осы салада еңбек етіп, үлесімді қоссам деген ар­маным бар - деген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе