Көне Отырардан шыққан ұлы ғұламалар - әл-Фарабилердің саны 33-ке жетті - Әбсаттар Дербісәлі

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көне Отырар қаласынан шыққан ұлы ғұламалар - әл-Фарабилердің саны  33-ке жетті. Бұл туралы бүгін Алматыда «Ғылым ордасы» РМҚ-ның «Жас ғалымдар» клубы аясында жас ғалымдармен болған кездесуде Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлі мәлімдеді.

«Менің осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқаныма 40 жылға таяды. Бір қызығы, сонау 10-шы ғасырдан бері қарай, шамамен 14-ші ғасырға дейін Отырардан шыққан ғұламалар әл-Фараби болып аталып келген. Арабтар ол кезде Отырар шаhарын Фараб деп атаған. Бертін келе, ғұламалар әл-Отырари деп атай бастаған. Неге? Білмеймін. Дегенмен, араб деректерінде Отырар қаласының атауы 8-ші ғасырдан бастап кездеседі» - деді Ә. Дербісәлі.

Ғалымның айтуынша, күні бүгінге дейін 33 әл-Фараби анықталып отыр. Олар:    

1.   Аббас әл Жаухари әл-Фараби

2.   Әбу Насыр әл-Фараби

3.   Әбу Ибрахим Исхак әл-Фараби

4.   Исмаил әл Жаухари әл-Фараби

5.   Әламаддин әл Жаухари әл-Фараби

6.   Әбумұхаммад әл Мұқаддаси әл-Фараби

7.   Әбілфады Сыдық әл-Фараби

8.   Саадәлмүлк әл Уасиджи әл-Фараби

9.   Әбухабз Омар ибн әл Хасан Әбдиқан әл-Фараби

10. Яхия бин Ахмад Абу Закария әл-Фараби

11. Ахмед әл-Фараби

12. Мұхамаддін Хұсейн Нәжидадин әл Усуршани Мұхаммад бин Хұсейн әл-Фараби

13. Аррахасан әл-Фараби

14. Әбілфаді Тахир ибн Мұхаммад әл-Фараби

15. Абдолла бин Мұхаммад бин Юсуб Насыр әл-Фараби әлазий

16.  Абуәли Хасан әл-Фараби

17. Әбдассамат әл-Фараби

18. Бұрханаддин Ахмед әл-Фараби

19. Әбілқасым Әлфариаби әл-Фараби

20. Махмұд әл-Фараби

21. Қааумаддин әл-Фараби

22. Әмірғали ибн Әміркәфи әл-Фараби

23. Ундададдин әл-Фараби

24. Қиомаддин әл-Фараби

25. Әләадин Әбілхарис әл-Отрари

26. Мәджидаддин әл-Отрари

27. Саид Джалаладдин Әлиқади әл-Отрари

28. Маудо Мұхаммад әл-Фараби

29. Бадраддин әл-Фараби

30. Хосамаддин Әбу Али Ахмед әл-Отрари

31. Әбдүлләтип әл-Фараби

32. Камалладин Әбунасыр Юсүф әл-Фараби

33. Мұхаммад Абдолла әл-Фараби

«Мұхаммад Абдолла әл-Фараби соңғы жарты жылдың төңірегінде табылды,  - деді Әбсаттар Дербісәлі. - Бұл жөнінде маған бір кісі көмектесті. Ол: «Сіз осы әл-Фарабилерді іздеп жүрсіз ғой. Мына Мұхаммад Абдолла әл-Фараби деген ортағасырлық ғұлама сіздің тізіміңізде жоқ. Бұл кісінің кітабы Американың Принстон университетінің кітапханасында жатыр» - деді. Бұл ғұлама өз заманында логика саласының маманы болған екен. Сонымен әл-Фарабилердің саны 33-ке жетіп отыр.»

Айта кетелік, бүгінгі кездесудің тақырыбы «Тәуелсіз Қазақстан және ортағасырлық қазақ жерінің ұлы ғұламалары» деп аталды.

Кездесуге Ғылым Академиясына қарасты он ғылыми-зерттеу инститының жас ғалымдары қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе