БҚО-да білім берудің нақтыланған бюджеті 47,5 млрд. теңгені құрап отыр

Батыс Қазақстан облысында білім берудің нақтыланған бюджеті 47,5 млрд. теңгені құрап отыр.Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 5 білім нысанын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 293,105 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ тағы бес нысанды күрделі жөндеуге жергілікті қазынадан 346,033 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі таңда бес білім нысанын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Республикалық бюджет есебінен екі мектеп (Орал қаласы Зачаган кентінде 1200 орындық және Жаңақала ауданы орталығы Жаңақалада 100 орындық интернатымен 600 орындық) құрылысы жалғасуда. Оған қоса жергілікті бюджет қаржысына апатты жағдайдағы Жаңақала ауданында Х.Нұрымғалиев және Абай атындағы, Теректі ауданында Госплемстанса негізгі мектептері ғимараты жаңадан бой көтеруде.

2015 жылы Шыңғырлау ауданы орталығы Шыңғырлауда республикалық бюджет есебінен 290 орындық балабақша құрылысы басталмақшы. Сондай-ақ шетелдік инвестиция есебінен Жәнібек ауданының Жәнібек ауылында 290 орындық балабақша құрылысы, жергілікті бюджет қаржысына Орал қаласында дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының спорт және акт залдары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының құрылысы жүргізілуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе