Мажарстан тарапы Қазақстан студенттері үшін өздерінің жоғары оқу орындарында 200 стипендия ұсынды

Мажарстан тарапы Қазақстан студенттері үшін өздерінің жоғары оқу орындарында 200 стипендия ұсынды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани мәлім етті. «Мажарстан Қазақстан студенттерінің мажарлық жоғары оқу орындарында оқу үшін 200 стипендия ұсынды», - деді А.Барани. Сонымен қатар ол өз сөзінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Екі ел арасында Стратегиялық кеңес құру туралы шешім қабылданған, сондай-ақ аграрлық, азық-түлік өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды қаржыландыру жөніндегі екіжақты қор құру туралы шешімі жасалды. «Менің Қазақстандағы жұмысым кезінде Астанада маңызды «ЭКСПО-2017» көрмесі өткелі тұр. Біздің ел осы айтулы шараға қатысатындығын растады. Сондықтан бұл бағытта тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз»,- деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе