Ақтөбеде студенттер төбелесіп, бір адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

– Ақтөбеде колледж бен университет студенті төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұғып алды, деп тілшісі.

Қылмыстық оқиға 3 наурыз күні тіркелді. Облыстық жедел жәрдем ауруханасына 21 жастағы студент түсті. Ол пышақтан жарақат алған. «Сақтаған Бәйішев университеті мен Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің студенттері төбелесіп, бірі жараланды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетті. Бірі 2 курс, екіншісі 3 курс студенті. Күдікті ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. Осы оқиғадан соң облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев студенттермен кездесу өткізді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, жыл басынан бері кәмелетке толмаған жасөспірімдер 7 ұрлық, 5 бұзақылық, 4 тонау, 2 алаяқтық қылмыс жасады. Барлығы 29 жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылған. «Өткен айда Ақтөбе байланыс және электротехника колледжіне келіп, қылмыстың алдын алу жайын, заңда қарастырылған жаза туралы айтқан болатынбыз. Бірақ жастар біле тұра тағы қылмыс жасады», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев. Алдағы уақытта оқу орны көп шоғырланған бұл аумаққа бейнебақылау камераларын орнатпақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе