Сенатор ҰБТ-дан өте алмай қалған талапкерлердің қандай жолмен ЖОО-ға оқуға түсетінін айтып берді

ҰБТ-дан өте алмаған адамдар шығырмашылық мамандықтарға түсіп, 1 жылдан кейін басқа мамандыққа ауысып кетеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты.«ҰБТ жастарымызға жоғары білім алуға мүмкіндік беретін жол. 50 балдан төмен ұпай жинаған азаматтар ЖОО-ға түсу құқығынан айырылады. Өкінішке орай, осы межеден өте алмай қалған 10 мыңдаған азаматтарымыз  ЖОО-лардағы шығармашылық мамандықтарға, яғни дизайн, дене шынықтыру, журналистика сияқты мамандықтарға құжат тапсырып, балдарын жоғарылатып алады да, 1 семестрден кейін немесе 1 жылдан кейін басқа мамандықтарға ауысып кетіп жатады. Бұл да заңнамадағы олқылықтардың бірі сондықтан да осы мәселелердің барлығын заң аясында реттейтін болсақ, кәсіптік саладағы мамандарға деген қажеттіліктің орын толтыра аламыз», - дейді ол.

Сенатордың айтуынша, тек 2014 жылдың мәліметтері бойынша, елімізде 350 мыңға жуық шетел азаматы құрылыс, қызмет көрсету және басқа да салаларда жұмыс жасаған.

«Сондықтан біз әкімшілік емес, заңды жолмен жоғары оқу орындарына түсетін азаматардың санын реттеп, сол арқылы көптеген мәселелерді шеуімізге болады», - деп түйді М. Бақтиярұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе