Депутат М.Айсина: Дене тәрбиесіне пән ретінде қарауға енжарлық танытпау қажет

АСТАНА. 8 /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дене тәрбиесіне пән ретінде қарауға енжарлық танытпау қажет.Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Майра Айсина осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, денешынықтыру - жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі. Спортпен айналысатын бала үшін дене тәрбиесі денсаулық сақтаудың тиімді құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамда табысты адам болуына зор мүмкіндік беретін бағыт болуы тиіс.  «Алайда, бүгінгі таңда компьютермен әуестенген жеткіншектерге дене тәрбиесі, спортпен белсене айналысу, көп қимылдау туралы кеңес беру - ағысқа қарсы жүрумен тең», - деген М. Айсина, еліміздегі мектептерде дене тәрбиесі нормативін аптасына үш сағатқа ауыстыру бойынша тыңғылықты қадамдар жасалғанын айтты.

Бірақ, депутаттың пайымынша, құжатты қабылдау мен оны жүзеге асырудың нәтижесі екі түрлі болып отыр. «Өйткені, бүгінгі күні дене тәрбиесіне мектеп пәні ретінде қарауға мұғалімдер мен балалардың өздері де, сондай-ақ ата-аналар тарапынан да енжарлық танытылып отыр. Қазіргі таңда мектептерде дене тәрбиесінің сындарлы сабақтары қамтылмаған. Балалардың көпшілігі осы пәнге мүлдем селқос. Ал қимыл-қозғалыстың аздығы, оқу жүктемесінің шамадан тыс артуы, құрғақ тамақтану салдарынан әрбір екінші бала ауруға шалдығып отыр», - дейді М. Айсина.

Осыған орай депутат бұқаралық спортты, дене тәрбиесін насихаттауға ықпал ететін шаралар кешенін дайындау қажеттігін алға тартады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе