Шанхайда өткен «Мәңгілік Ел» конференциясына 150-ден астам адам қатысты (ФОТО)

Шанхай, Нанкин және Ханчжоу қалаларында білім алып жүрген 150-ден астам қазақстандық студенттер, сондай-ақ Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдері «Мәңгілік Ел»: «Үлкен Ел - Үлкен отбасы» конференциясына қатысты. Шараны Азия және Океаниядағы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдігі және ҚР-дің Шанхайдағы консулдығы ұйымдастырған.

Конференцияның ашылу барысында Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Ұлт көшбасшысы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық ұқсастық пен бірлікті нығайту мәселесінде жастарға үлкен сенім артатындығын атап өтті. Бұл, әсіресе шетелде білім алып жүрген және бүкіл әлемдік қауымдастық үшін бірлік пен төзімділік үлгісі болуы тиіс қазақстандықтар үшін ерекше маңызды.

Шара қатысушыларына студенттердің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының түрлі аспектілерін, Қазақстан халқы Ассамблеясының және қазақстандық жастардың «Ұқсастық пен Бірлік» төртінші институционалдық реформасын, ҚХА-ның «Үлкен ел - Үлкен отбасы» ұлттық жобасын іске асырудағы рөлі мен орны мәселелерін қозғайтын 9 баяндамасы ұсынылған.

Конференцияның қорытындысы бойынша барлық баяндамашылар мен сөз сөйлегендер ҚР-ның Шанхайдағы Бас консулының атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Шанхайдағы Бас консулдықтың консулдық округіне кіретін Шығыс Қытайда 1,5 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда, олардың арасында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» стипендиясының  иегерлері де бар.

Шанхай, Нанкин және Ханчжоу қалаларында Бас консулдық пен Азия және Океаниядағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» өкілдігінің қолдауымен ҚХР-да оқитын қазақстандық студенттерді біріктіру және патриоттық тәрбиелеу жұмысына белсенді жұмылдырылған Қытайдағы қазақстандық студенттердің бірыңғай қауымдастығының бөлімшелері қызмет етуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе