Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80-жылдығына арналған веложарысқа қала әкімі қатысты (ФОТО)

Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің 80-жылдығына арналған веложарыс өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Шараға қала тұрғындары, университет оқытушылары мен студенттер, сондай-ақ велоқауымдастық өкілдері қатысты.

Веложарыс Шаляпин мен Яссауи көшелерінің қиылысынан басталып, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аумағында аяқталды. Қала әкімі Ахметжан Есімов ЖОО-ның профессорлық-оқытушы құрамын, қызметкерлерін, студенттер мен түлектерді мерекемен құттықтады. Ол Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ техникалық кадрларды дайындауда жетекші оқу орны екенін айтты.

«Университет даңқты тарихымен ерекшеленеді: 80 жыл ішінде мыңдаған мамандар дайындалды. ҚазҰТУ түлектері газ және мұнай өндіру, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп, шикізат ресурстары және т.б. салаларда сұранысқа ие. Мұнда тәжірибелі, білікті оқытушылар мен іскер педагогтар жұмыс істейді», - деді А. Есімов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе